Елде қанша ет экспортталды

21 Қараша 2023, 20:15
563
Бөлісу:
Елде қанша ет экспортталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

9 айда Қазақстан 118,3 млн долларға ет экспорттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы тоғыз айда (қаңтар-қыркүйек) Қазақстаннан $121,7 млн 42,4 мың тонна ет және ет өнімдері экспортталды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5% артық (32,2 мың тонна).

Оның ішінде жыл басынан бері $118,3млн 40,3 мың тонна ет экспортталды, ал өткен жылы осы кезеңде $104 млн 30,4 мың тонна экспортталған, өсім 32,5%.

Бұл санаттағы экспорттың ең көп көлемі ірі қара малдың мұздатылған еті бойынша байқалды – 4,4 есе (171 тонна – 2023ж., 38,3 тонна – 2022ж.), бұл ретте ірі қара малдың салқындатылған етінің экспорты өткен жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 12,6% төмендеген (11,8 мың тонна – 2023ж., 13,5 мың тонна-2022ж.). 

Ал ет өнімдері бойынша жоғарыда аталған кезеңде жалпы сомасы $3,3 млн 2 мың тонна экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2% артық (2022 ж. қаңт.-қырк. $3,8 млн 1,8 мың тонна).

Өзгелердің жаңалығы