Елде күн сайын жол апатынан бір бала қаза табады – ІІМ

12 Маусым 2023, 11:34
838
Бөлісу:
Елде күн сайын жол апатынан бір бала қаза табады – ІІМ
Фото: Артём Чурсинов - архив

Елімізде күн сайын жолдарда бір бала қаза тауып, оннан астамы жарақат алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді.

Айтуынша, жазғы демалыс кезінде өзекті мәселе – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары ерекше алаңдаушылық туғызады.

Жалпы, есептік кезеңде еліміздің жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 1 046 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл жол-көлік оқиғаларында 72 бала қаза тауып, 1152 бала жарақат алды. Ал елімізде күн сайын жолдарда бір бала қаза тауып, 10-нан астам бала жарақат алады. Бұл ретте, қайтыс болған балалардың 67 пайызы, яғни жартысынан астамы жолаушылар болып келеді. Қалған бөлігінде жаяу жүргіншілер ретінде қатысады, - деп атап өтті аға инспектор.

Сонымен қатар ол жолда балалардың зардап шегуіне не себеп болатынына тоқталды.

Көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер тарапынан автокөлікте тасымалдау ережелерін бұзу, яғни балаларды ұстайтын құрылғыларсыз (автокреслолар, күшейткіштер, адаптерлер) немесе бекітілмеген күйде тасымалдайды, - деді Ақтоты Боранова.

Өзгелердің жаңалығы