Елде көпшілік қай салада жұмыс істейді

23 Тамыз 2023, 16:00
566
Бөлісу:
Елде көпшілік қай салада жұмыс істейді
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстандықтардың көпшілігі қай салада жұмыс істейді. Бұл туралы мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың II тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,6 млн адам жұмыспен қамтылған

Олардың ішінде:
жалдамалы – 6,9 млн адам
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,2 млн

Салалар бойынша жұмыспен қамтылғандардың үлесі:
🔹сауда – 16,6%
🔹білім – 12,9%
🔹өнеркәсіп – 12,3%
🔹ауыл шаруашылығы – 12,2%
🔹құрылыс – 7,1%
🔹көлік және қойма – 7%
🔹денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,2%
🔹мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 5,8%
🔹басқа да қызмет түрлері – 3,9%
🔹кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 3,1%
🔹әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету – 3%
🔹тұру және тамақтану қызметтері – 2,4%
🔹қаржы және сақтандыру қызметі – 2,2%
🔹ақпарат және байланыс – 2%
🔹жылжымайтын мүлік операциялары – 1,6%
🔹өнер, ойын-сауық және демалыс – 1,5%

Өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жұмысшылар санының азаюы ауыл шаруашылығында байқалған – 19 мың адамға, жылжымайтын мүлік операциялары бойынша – 18,9 мың адамға, құрылыста – 9,5 мың адамға, өнеркәсіпте – 7 мың адамға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету бойынша – 6,4 мың адамға, өнер және ойын-сауықта – 6,3 мың адамға. Қалған өзге салаларда қызметкерлер саны керісінше өскен.

Өзгелердің жаңалығы