Елде кедейлік шегінде тұратын адамдар саны артқан

15 Қыркүйек 2022, 10:51
1768
Бөлісу:
Елде кедейлік шегінде тұратын адамдар саны артқан

Қазақстанда кедейлік шегінде өмір сүретін халық саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2022 жылғы II тоқсанда 5,1% болды, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары.

Елде кедейлік шегінде тұратын адамдар саны артқан

Абай,  Алматы, Жетісу, Қарағанды,  Ұлытау және Шығыс  Қазақстан облыстары бойынша бағалау деректері келтірілген.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3%, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық, - делінген Статистика комитеті таратқан хабарламада.

Елде кедейлік шегінде тұратын адамдар саны артқан

Естеріңізге сала кетейік, ел  бойынша 2022 жылғы II тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 100 теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы