Елде балалар киімі өндірісінің көлемі 5 есе өсті

24 Тамыз 2023, 07:10
895
Бөлісу:
Елде балалар киімі өндірісінің көлемі 5 есе өсті
Фото: baq.kz

Елімізде төсек-орын тоқыма бұйымдарының өндірісі үш есе өсті. Мұнымен қатар бала киімі өндіріс көлемі 5 есе артты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 26 мың тонна мақта өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе артық. Сондай-ақ 13,5 млн шаршы метр мақта мата (+35,7%) өндірілді. Төсек жабындарын шығару 3,5 есеге, 19,4 мың данаға, ал тоқыма емес материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды шығару 4 есеге, 8,3 млн шаршы метрге дейін өскен.

Бұдан бөлек, балалар киімінің өндірісі бес еседен астам өсіп, 73,3 миллион теңгеге, бас киімдер өндірісі 2,1 есеге, 991,2 миллион теңгеге дейін өсті. Трикотаж жемпір мен кардиган шығару да 11,6% өсіп, 99,4 мың данаға дейін жетті.

Бұл ретте сырт киім 300,2 мың дана, 2,9% аз тігілген.

Өзгелердің жаңалығы