Елде 1 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауар қоры бар - министр

7 Ақпан 2023, 12:00
1045
Бөлісу:
Елде 1 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауар қоры бар - министр
Фото: Үкімет

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Өңірлердің жедел деректері бойынша биылға республика бойынша 1 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауарларының қоры бар. Оның ішінде кәсіпорындарда, көкөніс қоймаларында – 519 мың тонна, қоймаларда (көтерме-тарату орталықтарында, сауда логистика орталықтарында) – 194,7 мың тонна, сауда желілерінде – 183,3 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 24,4 мың тонна, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, әкімдіктер өткен жылдың күзінен бастап ағымдағы жылдың маусымаралық кезеңінде нарыққа реттеуші әсер ету үшін көкөніс қорларын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

Біз өз тарапымыздан әкімдіктерге «инфляциялық кезеңде», яғни ақпан-мамыр аралығында ішкі нарықтың қажеттілігін жабу үшін көкөністер бойынша ұсынылатын көлемді жеткіздік. Картоп бойынша АШМ-нің ұсынылатын көлемі 73 мың тоннаны құрайды, бұл ретте Абай, Ұлытау және Алматы облыстарының әкімдіктері өңірлік сұранысты ескере отырып, қажеттілік көлемін азайтты, - деді Ербол Қарашөкеев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елдегі инфляция мен қымбатшылықққа байланысты министрлерге тапсырма берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы