Инфляция. Қымбатшылық. Үкімет басшысы министрлерге тапсырмалар берді

7 Ақпан 2023, 11:19
1273
Бөлісу:
Инфляция. Қымбатшылық. Үкімет басшысы министрлерге тапсырмалар берді
Фото: Үкімет

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жыл басынан бері сауда саласында заңдылықты бұзудың ешқандай фактісі анықталған жоқ. 

Барлық әкімдіктерге өңірлік комиссиялардың жұмысын жақсарту үшін алгоритмдер мен ұсыныстар жіберілді. Алайда өңірлерді комиссия отырыстарын өткізуге «қинағандай етіп» мәжбүрлеп отырмыз. 

Оның өзі де ешқандай нәтиже беріп отырған жоқ. Тағы да қайталап айтамын. Азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың  аса маңызды негізгі міндеті. Жұмысқа немқұрайлы қарау орын алса және нәтиже болмаса, тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы бұған дейін де айтылды. Серік Мақашұлы, осы аптаның соңына дейінтиісті ұсыныстарды енгізіңіз, - деді Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрінің баяндамасын тыңдаған соң. 

Сонымен қатар ол ведомстволарға бірқатар тапсырмалар берді. 

Біріншіден, Сауда министрлігі сатып алынатын және сатылатын тауарлардың көлемі мен бағасын ерекше бақылауда ұстасын. Екіншіден, өңір әкімдіктері нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған тауарларды тек қана кассалық аппараттарды қолданатын сауда объектілерінде сатуды іске асыруы тиіс. Өңір әкімдіктері барлық аудандарды қамти отырып, жәрмеңкелерді өткізуді тұрақты түрде жалғастыруы керек. Үшіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі үлгілік қағидалармен қабылданған жаңа тәсілдерді іске асыруды сапалы түрде әкімшілендіруді қамтамасыз етуі тиіс, - деді Үкімет басшысы. 

Сондай-ақ форвардтық сатып алу шартының бірыңғай форматын әзірлеу керектігін ескертті. Онда баға белгілеу, тауар көлемі, қарсы міндеттемелер мен айыппұл санкцияларының міндетті шарттары көрсетілуі керек.

Өзгелердің жаңалығы