Елбасы туралы заңның күші қашан жойылады? – Ерлан Қошанов жауап берді

28 Желтоқсан 2022, 12:51
1372
Бөлісу:
Елбасы туралы заңның күші қашан жойылады? – Ерлан Қошанов жауап берді

2023 жылдың басында өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжат қаралады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ерлан Қошановтың сөзінше, заңның күшін жою мәселесі Парламентте 2023 жылдың басында қаралады.

Бұл Конституциялық заң болғандықтан, бұл құжат Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады. Сол себепті қаңтар айында бірлескен отырыс өтіп, бұл мәселе қаралады. Бұл заң толық күшін жояды, - деді Ерлан Қошанов Мәжілістің кулуарында.

Төрағаның айтуынша, бұл құжат бойынша шешім қабылданса, заңдағы нормалардың барлығынының күші жойылады.

Заңдағы берілген артықшылықтың барлығының күші жойылады. Бірінші президентке де, болашақ президенттерге де, экс-президентке де қатысты нормалар қолданылады. Егер заң күшін жоюға қойылса, онда қарастырылған иммунитеттің заңды күші болмайды, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Бұған дейін Әділет министрі Қанат Мусин «Тұңғыш Президент туралы» заңға қатысты түсініктеме берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы