Елбасы туралы заң күшін жойса да, Конституцияда тиісті кепілдікті қамтитын норма бар - Алма Мұқанова

9 Маусым 2022, 16:27
1873
Бөлісу:
Елбасы туралы заң күшін жойса да, Конституцияда тиісті кепілдікті қамтитын норма бар - Алма Мұқанова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді. 

Заң шығарушылар бұрынғы Президенттерді жауапкершіліктен қорғайтын норманы алып тастау туралы шешім шығарса, Нұрсұлтан Назарбаевты жауапқа тартуға болатынын айтыпсыз. Бұл қашан іске асады - деп сұрады тілші.

Кеше Мәжілістің кеңейтілген отырысынан кейін БАҚ өкілі маған осындай сипаттағы сұрақ қойған болатын. «Елбасы туралы заңды жойсақ, оның отбасының мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тарта аламыз ба, жоқ па?» деп сұрады. Мен оған қазір осындай ұсыныс біздің тарапымыздан ұсынылған тұжырымдамамызда бар екендігін айттым. Егер ол түзетулер қабылданса, тиіспеушілік туралы бап Елбасының отбасы мүшелеріне қарастырылмайтын болады, - деп атап өтті Алма Мұқанова. 

Бірақ бізде Президент туралы Конституциялық заң жобасы бар екендігін ескеруіміз керек. Онда 36-бапта бүкіл экс-президенттерге қатысты нормалар бар. Онда Елбасы бөлек туралы жазылмаған. Жалпы Президенттердің өз өкілеттіліктерін аяқтаған соң оларға берілетін кепілдіктер туралы айтылған. Өйткені Президент – саяси тұлға. Бүкіл мемлекетке қатысты ішкі және сыртқы саясатқа қатысты түбегейлі шешімдер қабылдайды. Сондықтан бүкіл экс-президенттер  қамтылатын норма тиісті конституциялық заңда бар. Елбасы туралы заң жобасы жойылса да, бізде Президент туралы Конституциялық заң жобасында тиісті кепілдіктерді қамтитын нормалар бар, - деді вице-министр. 

Өзгелердің жаңалығы