Әшімбаев: Елбасы саясатының сабақтастығын сақтаймыз

4 Мамыр 2020, 22:04
1811
Бөлісу:
Әшімбаев: Елбасы саясатының сабақтастығын сақтаймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент сенатының су жаңа төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл қызметке келуі үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейтінін айтты.

Құрметті достар! Мен үшін Парламент Сенатының төрағасы болып сайлану - үлкен жауапкершілік әрі Мемлекет басшысының және сенатор-әріптестерімнің тарапынан көрсетілген зор сенім. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Ең бастысы, Елбасы саясатының сабақтастығын сақтай отырып, Президентіміздің игі бастамаларының іске асырылуын қамтамасыз ету. Сондықтан заң шығару жұмысын сапалы ұйымдастыруға баса мән береміз. Осы жолда аянбай еңбек етіп, бар күш-жігерімді жұмсаймын. Ақ жарма тілектеріңіз бен жылы лебіздеріңіз үшін көп рахмет! Өздеріңізбен әрдайым ынтымақтаса жұмыс істеуге дайынмын - деді ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған еді. Артынша ол Сенат Төрағасы болып сайланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы