Елбасы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

9 Мамыр 2020, 20:30
1471
Бөлісу:
Елбасы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараптар бір-бірін екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады Elbasy.kz сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейде коронавирус эпидемиясына қарсы күресте қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ індеттің мемлекеттердің экономикалық дамуына әсерін талқылады.

Осы ретте тараптар тезірек жаһандық коронавирус пандемиясын еңсеруге және экономикалық дағдарыстан шығуға бағытталған үйлестірілген халықаралық шаралар әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Өзгелердің жаңалығы