Елбасы Қажахмет Балахметовтің жақындарына көңіл айтты

8 Қараша 2021, 15:41
797
Бөлісу:
Елбасы Қажахмет Балахметовтің жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қажахмет Балахметовтің дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қажахмет Балахметұлы өзінің барлық саналы ғұмырын халыққа білім беру ісіне арнаған абзал азамат болатын. Ол кезінде ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Оқу-ағарту министрі қызметін атқарып, саланың дамуына зор еңбек сіңірді. Сонымен қатар қоғамдық істерге де атсалысып, жұртшылықтың шынайы ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен аталып өтті. Оның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді, – делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы