Елбасының антиядролық бастамаларын қолдаған деректі фильм көрсетіледі

25 Ақпан 2019, 14:39
3226
Бөлісу:
Елбасының антиядролық бастамаларын қолдаған деректі фильм көрсетіледі

Астана, BAQ.KZ. Ертең Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы (Center for International Security and Policy), Швейцарияның Қазақстандағы елшілігі мен М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ-да «Аңызғағы аңыраған дала» фильмінің көрсетілімі өтеді.

Фильм Қазақстанның және Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық антиядролық бастамаларын қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, көрсетілім «Невада-Семей» қозғалысының 30-жылдығына орайластырылып отыр.

Британ режиссері Андре Зингердің аталмыш деректі фильмі қырғи-қабақ соғысы кезінде 40 жыл бойы ірі державалардың өз халқының басын қатерге тіге отырып, жер бетінен күллі адамзатты жойып жібере алатын қуаты бар қаруды қалай жасағандары жөнінде баяндалады.

«Аңызғағы аңыраған дала» ("КУДА ДУЛ ВЕТЕР" (Spring Films production) фильмі КСРО мен АҚШ-та орын алған ядролық сынақтар мен сол зұлмат сынақ алаңдары маңында шоғырланған халықтың денсаулығына жасаған кері әсері туралы айтылады. Сонымен қатар, фильмде «Невада-Семей» қозғалысының екі елдің белсенділері мен зардап шегушілерін біріктіре отырып Семей ядролық полигонын жабуға жасаға әрекеттері мен өзге полигондарда сынақ жүргізуді тоқтатуға қалай қол жеткізгендері жайында сөз етіледі» - дейді ұйымдастырушылар.

Фильмде ядролық сынақтарға жалпы тыйым салу Келісімінің жасалуына себепші болған Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық дұрыс шешімі мен саяси көрегендігінің халықаралық деңгейде қабылдануы мен гуманистикалық маңызына назар аударылады.

Көрсетілімге Швейцарияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид, ҚАЗМЗУ Университетінің атқарушы вице-президенті Мирас Дауленов, АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков, ҚР СІМ орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Роман Василенко және Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының (CISP) директоры Әлімжан Ахметов қатысады.

Кино көрсетілімінен кейін пікірталас ұйымдастырылады.
Өзгелердің жаңалығы