Елбасы аман болсын. Желідегі тілек

18 Маусым 2020, 14:55
4475
Бөлісу:
Елбасы аман болсын. Желідегі тілек
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың да коронавирус індетін жұқтырып, оқшауланғаны белгілі болды. Танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері желіде Елбасының тезірек сауығып кетуін тілеп, жазба қалдырып жатыр. 

COVID-19 пандемиясы конспирологияны да, "қастандық теориясын" да пысқырмайтынын, іс жүзінде қауіпті індет екенін байқатты. Соңғы кездері індеттің жайылуы тіптен өршіп кеткен тәрізді. Қанша сақтансақ та қапы қалдырып жатқан сәттер аз емес. Бүгін Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да коронавирус жұқтырып алғанын естідік. Елбасыға денсаулық тілеймін, әрі өзгеміздің де сақтық шараларына мұқият болғанымыз жөн шығар. Өз басым кәдімгідей сескеніп жүрмін.Нұрсұлтан Назарбаевты түркі дүниесі елдері халқы жақсы көреді. Әсіресе Әзербайжан мен Түркияда оған құрмет ерекше. Түркі интеграциясындағы еңбегін бағалайтын болса керек. Міне түрік саясаткерлері мен твиттердегі белсенділер Назарбаевтың коронавирус жұқтырып алғанын жазып, денсаулық тілеп жатыр, - деп жазды әлеуметтанушы Амангелді Құрметұлы. 

скрин5.jpeg

WhatsApp Image 2020-06-18 at 18.21.58.jpeg

WhatsApp Image 2020-06-18 at 18.21.59.jpeg

Танымал саясаттанушы Ерлан Сайыров та өзінің жылы лебізін білдірді. 
Вирус алдында баршамыз теңбіз. Елбасы Н.Назарбаев та вирусқа шалдыққанын естіп отырмыз. Бұл вирустан Елбасы, барша азаматтардың құлан таза емделіп шыққанын тілеймін!Бұл індетпен күрестің өзі елді ұйыстырып, халықты біріктіретін факторға айналғаны абзал!Пиғылымыз кең, ниетіміз ақ болуы қажет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді ол. 

Сонымен қатар, Елбасыға Қазақстандағы өзге ұлттың өкілдері де толассыз тілектерін білдіріп жатыр. 
Өкінішке қарай, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан да коронавирус індеті анықталды. Елбасының тезірек сауығып кетуін шын көңіліммен тілеймін. Індет өршіп бара жатыр. Барша қазақстандыққа денсаулық тілеймін. Індет жұқтырған науқастар тезірек дерттерінен айығып кетсін. Карантин талаптарын ұстану өте маңызды. Бұл іске салғырт қарауға болмайды. Баршаңызға сабыр тілеймін, - деп жазды ҚХА өкілі Тимур Жұмырбаев. 

Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Жаңғыру жолы жастар қозғалысының көшбасшысы Анастасия Тимощенко елдегі орын алған жағдайға қатысты тұрғындарды жауапкершілікке шақырды. 
Өкінішке қарай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың да коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Біз үшін тұрақтылық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек жазылып кетуін тілейміз. Барлық тұрғынды әлеуметтік арақашықтықты ұстап, жеке гигиена талаптарын сақтауға шақырамыз. Бір адамның денсаулығы – ұлттың денсаулығы, - деді ол. 

Ал қала бойынша "Оберег" украиндер қоғамдық бірлестігі жастар қанатының жетекшісі Рамиль Смайылов ұлт көшбасшысына денсаулық тіледі. 
Біздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - аңыз тұлға. Дәуір тұлғасы қазақстандықтарды бір шаңырақ астына жинаған қанша қиындықты бастан кешірді. Қазіргі Қазақстанның гүлденуіне зор үлес қосты. Нұрсұлтан Назарбаев, сізге ҚХА жастары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері тезірек жазылып кетуіңізді тілейді. Халқыңыз сізбен қашан да бірге, - деп жазды Смайылов.
Дипломат Қайрат Лама Шариф Тұңғыш Президентке зор денсаулық тіледі. 
Өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, - деп жазды ол.
"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Нұрсұлтан Әбішұлының тезірек жазылуын тілеп, жазба қалдырды. 
Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетіп, оқшауланыпты. Тезірек сауығып кетуін тілейміз! - деп жазды ол желіде. 
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Елбасы бұл сынақты оңай еңсеретініне сенім білдірді.
Өкінішке қарай, коронавирус індетін Тұңғыш Президентіміз – Елбасы да жұқтырып алды. Нұрсұлтан Әбішұлына тезірек сауығып кетуін тілейміз. Елбасымыз үнемі саламатты өмір салтын ұстанып, барша халыққа соны дәріптеп жүретіні белгілі. Сондықтан Тұңғыш Президентіміз бұл сынақты оңай еңсереді деп сенеміз, - деп жазды Мәулен Әшімбаев.
дезикан.jpeg

Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Нұрсұлтан Әбішұлына денсаулық тіледі.
Елбасымызға тезірек сауығып кетуін тілейміз! Құдай күш-қуат берсін! Ем шипа болсын! - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында. 
"ҚазАқпарат" ХАА АҚ Басқарма төрағасы Асқар Омаров та Facebook-тегі парақшасында жазба қалдырды. 
Қазіргі таңда Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулауда. Өкінішке қарай, Елбасы тапсырған соңғы сынаманың нәтижесі оң нәтиже көрсеткен. Алла шипасын берсін, - деді Асқар Қуанышұлы.


Өзгелердің жаңалығы