Еламан Жолдасовтың денесі Түркістан облысында жерленді

13 Қаңтар 2020, 17:14
2593
Бөлісу:
Еламан Жолдасовтың денесі Түркістан облысында жерленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еламан Жолдасовтың отбасы әлі Каирде тұрып жатыр.

Қазақстанның Египеттегі елшілігінің бұрынғы қызметкері Еламан Жолдасов туған ауылында жерленді. Бұл туралы СІМ апта сайынғы брифингі барысында ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Әріптесіміз Еламан Жолдасовтың денесі 28 желтоқсанда Қазақстанға әкелінді. Туыстарының өтініші және Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен Қазақстанда қосымша сараптама жасалды. Қазір қазақстандық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Еламан Жоласовтың денесі 31 желтоқсанда Түркістан қаласында жерленді. Жеткізу және жерлеу рәсімдеріне байланысты шаралардың шығынын СІМ төледі. Әйелі мен балалары Каирде тұрып жатыр, - деді Айбек Смадияров.
Айта кетсек, өткен жылдың 13 желтоқсанында Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың денесі үйіне кіреберісте табылған болатын.

Бұған дейін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында қазақстандық елшілік қызметкерінің қатысуымен орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.

Сонымен қатар, Қазақстанның АҚШ және Ресейдегі елшіліктері Telegram бот ашқаны және Мәскеуде жастардың арасында төбелес болып, Қазақстан азаматы ұсталғаны туралы айтты.



Өзгелердің жаңалығы