Қазақстанның АҚШ және Ресейдегі елшіліктері Telegram бот ашты

13 Қаңтар 2020, 16:53
2194
Бөлісу:
Қазақстанның АҚШ және Ресейдегі елшіліктері Telegram бот ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыртқы істер министрлігі екі мемлекеттегі елшіліктерінің қызметтерін жеңіл әрі жылдам көрсету мақсатында Telegram бот ашты.

Бұл туралы СІМ апта сайынғы брифингі барысында ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Бот арқылы жіберілген өтініштің орындалу мерзімін бақылап отыруға болады.

Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы және Ресей Федерациясындағы елшіліктері консулдық бөлімінің жұмысы мен қызметтері туралы негізгі сұрақтарға жауап беруге арналған Telegram боттарды іске қосты. Telegram түсіндіру сипатында, яғни консулдық қызметтер туралы негізгі ақпаратты қамтиды. Мысалға, құжаттар тізбесі, орындалу мерзімі т.б. Сонымен қатар, онда мәтінді тану алгоритмі қарастырылған. Өңірді енгізсеңіз, Қазақстанның шетелдегі тиісті мекемесінің мәліметтерін алуға болады. Бұл ретте өтінішті қарау кезеңін бақылап отыруға да болады. Қолданушы ұсынылған жауаптардың бірін таңдау керек. Бұдан әрі пайдаланушы қажетті жауаптар бойынша әрі қарай жылжып отырады. Оның қызметтерін пайлану үшін Telegram-ның тіркелген пайдаланушысы болу керек. Боттар үнемі жетілдіріп, сіздердің көмектеріңіздің арқасында интерактивті көмекшіге айналады. Сұрақтарыңыз не өтініштеріңіз болса, сол Telegram чатқа жазуға болады және елшіліктердің электрондық поштасына хат жіберуге болады, - деді Смадияров.

Бұған дейін, СІМ ресми өкілінің Қырғызстан мен Қазақстан шекарасына қазақстандық елшілік қызметкерінің қатысуымен орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы