Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін – Президент

23 Маусым 2022, 10:40
1022
Бөлісу:
Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады. Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін, - деп жазды Президент twitter-дегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы