Ел үмітін ақтамаған депутаттар қызметінен қалай айырылады? Министр жауабы

15 Қараша 2022, 12:47
1431
Бөлісу:
Ел үмітін ақтамаған депутаттар қызметінен қалай айырылады? Министр жауабы

Депутат халыққа берген уәдесін орындамаса, мандатынан айыру қалай жүзеге асады? Бұл сұраққа Әділет министрі Қанат Мусин жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Министр бұл механизм депутаттың мандатқа лайықтығын қайта дауысқа салу арқылы іске асатынын түсіндірді.

Бұл механизмнің тәсілі заңда көрсетілген. Егер сайлаушылардың сайланған депутатының жасаған жұмысына көңілі толмаса, петиция арқылы сол депутаттың мандатын қайтару туралы мәселе көтеруге құқықтары бар. Әуелі бастамашыл топ сондай мәселе көтерсе, сол сайланған округте қайта дауыс беру рәсімі өткізіледі. Сайлаушылардың көбі сондай дауыс берсе, онда мандаты қайтарылады, - деді Әділет министрі.

Өзгелердің жаңалығы