Ел құрамасы футзалдан Словенияны жеңді

9 Қазан 2022, 08:55
1981
Бөлісу:
Ел құрамасы футзалдан Словенияны жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алғашқы іріктеу ойынында жеңіске жетті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Елордада өткен кездесуде қазақстандық футзалшылар Словенияға қарағанда көбірек шабуылдады. Ойынның 7-минутында отандасымыз Альберт Ақбалықов есеп ашса, Дуглас Жуниор 36-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 2:0 есебімен сүріндірді.

Енді Кака шәкірттері 12 қазан күні Черногорияға қонаққа барады.

Өзгелердің жаңалығы