"Ел бірлігі – баға жетпес байлығымыз". Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

1 Мамыр 2023, 08:05
1608
Бөлісу:
"Ел бірлігі – баға жетпес байлығымыз". Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады
VIDEO
Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президенттің сөзінше, Қазақ жері сан алуан этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналған.

Қадірлі отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тұрақтылық пен тыныштықты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, мемлекеттілігіміздің берік негізі. Қазақ жері сан алуан этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналған. Барлық азаматтарымыз өткен тарихы, бүгіні мен болашағы бір екенін терең ұғынады. Өйткені жұртымыздың құндылықтары да, арман-мұраттары да ортақ. Түптеп келгенде, бәріміз – үлкен қара шаңырақтың, біртұтас қазақ ұлтының перзенттеріміз, - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің өсіп-өркендеуі қолға алған реформалардың тиімді жүзеге асырылуына байланысты екенін айтты. 

Біз осы іргелі мақсаттарға мызғымас бірліктің арқасында ғана қол жеткіземіз. Халқымыз «Ырыс алды – ынтымақ» дейді. Бабаларымыздың бұл өсиеті – Әділетті Қазақстандағы басты ұстанымның бірі. Біз татулық, теңдік және әділдік қағидаларына негізделген қоғам құрамыз. Бірлігі жарасқан жұртымыздың абыройы асқақ болсын! Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Мереке құтты болсын, ағайын!, - деп құттықтады Президент.

Өзгелердің жаңалығы