Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ tengrinews-ке сілтеме жасап.
Мұны экс-министр Руслан Жақсылықовтың өзі айтты.
Дәл қазір Астанадағы өз үйімде отбасыммен бірге түскі ас ішейін деп жатырмын. Жалған ақпарат таратқандардың үстінен сотқа шағымданамын, – деді ол.
Бұған дейін әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған еді. Ресми органдар әзірге бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасамағанын да айта кетейік.
Еске салсақ, Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан 8 маусымда босатылған еді. Ал жаңа министр болып Дәурен Қосанов тағайындалған болатын.