Экс-чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды
15 Мамыр, 04:46 641

Экс-чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің экс-чемпионы британиялық кіші Крис Юбенкпен (32-2, 23 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы британиялық спортшы Thaboxingvoice ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.

– Геннадий Головкин қыркүйек айында «Канеломен» жекпе-жек өткізе алмаған жағдайда Головкинмен қолғап түйістіргің келе ме?

– Головкиннің менімен айқас өткізуіне тура келеді деп ойлаймын. Бұл кездесуді жылдар бойы күтіп келемін. Қазір орайы келіп тұрған секілді. Әрдайым үлкен жекпе-жектер өткізуге тырысамын. Оның екі титулды. Сондықтан бізге кездесу ұйымдастыру керек.

– Рой Джонстың қол астында қалай дайындалып жүргеніңді көріп жүрміз. Головкинді құлатамын деп ойлайсың ба?

Әлбетте. Қазір менің уақытым келді. Нағыз бабымдамын. Өзіме ыңғайлы орта салмаққа қайта оралдым. Сондықтан өз-өзіме сенімдімін.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...