Экономикалық өсім бойынша қай өңір көш бастап тұр?

14 Наурыз 2023, 10:29
729
Бөлісу:
Экономикалық өсім бойынша қай өңір көш бастап тұр?
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,9 пайызға ұлғайды. 

Өндірістің оң өсуі 16 өңірде, оның ішінде ең жоғарғы өсім Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола және Қостанай облыстарында.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында оң өсім 6 аймақта анықталды. 

Олар: Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облысы, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары. 

6 көрсеткіш бойынша өсім 9 өңірде тіркелді. Бұл Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары.

Қуантыров биыл қаңтар-ақпанда 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2 пайызға жоғары екенін атап өтті.  

Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалды, - деді министр. 

Айта кетейік, осыған дейін Қуантыров ел экономикасы 4,3 пайызға өскенін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы