Ел экономикасы 4,3 пайызға өсті - министр

14 Наурыз 2023, 10:18
1064
Бөлісу:
Ел экономикасы 4,3 пайызға өсті - министр
Фото: Kazakhstan Today

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаңтар-ақпанда Қазақстан экономикасы 4,3 пайызға өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,7 пайыз, ал қызмет көрсету саласындағы өсім – 5 пайызға жетті, - деді ведомства басшысы. 

Еліміздің негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсім байқалған. Қуантыровтың дерегінше, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 19,2 пайыз. 

Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 72,8 пайыз, ауыл шаруашылығында – 33,1 пайыз, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 12,1пайыз, сондай-ақ өнеркәсіпте – 14,1 пайыз, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,2 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде – 7,2 пайыз өсті.

Өзгелердің жаңалығы