Үкіметтің қаулысымен Нұрлан Саиынұлы Құрмалаев Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2010 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.
Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2015-2017 жылдары – «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.
2018-2019 жылдары – «Самұрық Қазына» КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.
2019-2021 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
2021-2022 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.