Экология министрлігі «Теңізшевройлға» қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді

8 Сәуір 2021, 10:22
1345
Бөлісу:
Экология министрлігі «Теңізшевройлға» қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Теңізшевройл» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Бұл туралы министрлік Тelegram каналында хабарлады.

2021 жылғы 7 сәуір күні сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған.

Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған.

«Теңізшевройл» ЖШС-мен автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себептері анықталуда. Атырау облысы бойынша Экология департаментімен жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты «Теңізшевройл» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы