Екібастұздағы дала өртінен шаруа қожалығының ұсақ малдары тірідей жанып кетті

17 Шілде 2023, 09:01
508
Бөлісу:
Екібастұздағы дала өртінен шаруа қожалығының ұсақ малдары тірідей жанып кетті
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Екі күн ішінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Екібастұз гарнизоны өртті сөндіруге 10 рет шақырту алды, деп хабарлайды BAQ.KZ @Pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 13 шілде күні сағат 9:25-те Марғұлан ауылы маңында құрғақ шөптің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметтері, ерікті өрт сөндіру бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар аттанды.

Тілсіз жау 14 шілде күні сағат 07:35-те толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілердің жұмысына екпінді жел кедергі келтірген.

-14 шілдеде жүргізілген тексеру барысында далада болған өрт салдарынан Марғұлан ауылындағы «Қуаныш» шаруа қожалығының ұсақ малдары жартылай жанып, көптеген қойлар күйіп кеткені анықталды, - делінген хабарламада.

Дала өртінен кем дегенде 16 ұсақ мал өлгені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы