Екібастұзда дәріхана мен көшені ыстық су басып қалды

27 Мамыр 2024, 23:30
370
Бөлісу:
Екібастұзда дәріхана мен көшені ыстық су басып қалды
Фото: скрин

Екібастұзда жылу желілеріндегі апат салдарынан дәріхана мен көшені ыстық су шайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Коммуналдық қызметкерлер бұған қатысты түсінік берді.

27 мамырда Екібастұзда жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізілді. Гидравликалық сынақтар жүргізілгеннен кейін №62 орталық жылу пунктіне апаратын жылу желісінде ыстық сумен жабдықтауды іске қосу барысында зақым анықталды. Қазіргі уақытта мұны жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады "Екібастұз жылу желілері" ЖШС директоры Евгений Банченко.

Мұны "Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметі де растады. Кәсіпорын сынақ кезінде ыстық судың температурасы 40-45 градустан аспайтыны нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы