Екі жарым мыңға жуық студент жатақхана алуға өтініш жазған

20 Тамыз 2023, 23:15
462
Бөлісу:
Екі жарым мыңға жуық студент жатақхана алуға өтініш жазған
Фото: Арман Мухатов

Жатақхана алу үшін бірінші және жоғары курс студенттерінен 2400 өтініш түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ ғылым және жоғарғы білім министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жатақханадан орын беру ашық түрде қатаң тәртіппен жүріп жатыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Оның төрағасы болып студенттік деканат бекітілген.

Сәтбаев университетінде жатақханалардың тазалығы мен студенттердің жайлы орта мен қауіпсіздігі үнемі назарда болады. Осы мақсатта жатақханаларды ай сайын дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүріп тұрады, - дейді министрлік.

Министр Саясат Нұрбек алдағы оқу жылында студенттерді жатақханамен 100 пайыз қамтамасыз ету мәселесі бірінші кезекте екенін және бұл мәселе Ғылым және жоғары білім министрлігінің жеке бақылауында болатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы