«Екі айда екі апат болды». Смайылов әкімдіктердің жалған есебі туралы айтты

20 Желтоқсан 2022, 10:42
1396
Бөлісу:
«Екі айда екі апат болды». Смайылов әкімдіктердің жалған есебі туралы айтты

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов өңір әкімдерінің жалған есебі туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біз қыркүйек айында осы мәселеге қатысты арнайы Үкімет отырысын өткізгенбіз. Сол кезде әкімдіктер жылу беру маусымына сақадай саймыз, дайынбыз деді. Әкімдер ешқандай проблема жоқ деп баяндады. Алайда жалаң есеп пен жалған ақпараттың соңы тарихта болмаған сорақы жағдайға алып келді. Екі айдың ішінде екі бірдей ірі апат болды. Риддер мен Екібастұзда. Сонымен бірге Өскемен, Рудный, Теміртау, Семей, Ақтау және Павлодар қалаларының жылу беру жүйесінде де қауіпті жағдайлар болды, – деді Үкімет басшысы.

Смайыловтың айтуынша, жылу беру жүйелері мен инженерлік желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жағдайды қатаң бақылауда ұстап, шұғыл шараларды қабылдау қажет.

Оларды кейінге шегеруге болмайды. Тексеру басталды. Өңірлердегі нақты жағдай бұған дейін берілген ақпараттан да нашар болып шықты. Проблемалар жасырылып келді. Бөлінген қаржы жеткіліксіз болғандықтан, жаңғырту мен сапалы жөндеу жүргізілмеген. Станциялар мен желі иелері жеткілікті инвестиция салмаған. Қараусыз жатқан желілердің мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бізде қыс  өте қатал. Яғни, апаттар бұған дейін де болып тұрды. Бірақ олар саны жағынан да, ауқымы жағынан да мұндай болған емес, – деді Премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы