Екі адамның өмірін қиған жол апаты: Қостанайлық жүргізушіге үкім шықты

Мас күйде көлік жүргізіп, екі адамның өліміне себеп болған жүргізуші сотталды.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 18:44
Бүгiн 2026, 18:44
112
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қостанай облысында мас күйде көлік жүргізіп, екі адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды. 

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіріп, екі адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша азамат Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.4

Сотта анықталғандай, оқиға 2025 жылғы 30 тамызда Қостанай – Әулиекөл – Сұрған бағытындағы республикалық маңызы бар KAZ23 автожолының 74-шақырымында  болған. Әулиекөл ауданы Новонежин ауылы маңында Т. есімді жүргізуші «Toyota Camry» автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Соның салдарынан ол Әулиекөл бағытына қарай қозғалып келе жатқан Г. басқаруындағы «Opel Vectra» көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Opel Vectra» көлігінің екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан. Ал «Toyota Camry» көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілген.

Сотталушы сотта өз кінәсін толық мойындады.

Іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот Т.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары ішінара қанағаттандырылды, - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Астанада көлік қағып кеткен жасөспірімнің жағдайы ауыр екені хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

Көкшетаудағы өлімге әкелген жол апаты: Жаңа дерек шықты

Таразда полициядан қашқан 15 жастағы бала апатқа ұшырады

Әкесінің көлігін айдаған 15 жастағы жасөспірім бағанаға соғылды: Бір адам қаза тапты

Наверх