Египетте көне мумия зираты табылды

17 Қазан 2023, 10:55
428
Бөлісу:
Египетте көне мумия зираты табылды

Мысыр археологтары Эль-Минья төңірегінен бұрын соңды зерттелмеген көне мумия зиратын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Туризм және көне заттар министрлігі мәлімдеді. Археологтар үшін бұл – құнды жәдігер. 

Себебі қабірде Египет тарихындағы «Жаңа патшалық» дәуірінің лауазымды тұлғалары жерленген. Археологтардың мәліметінше, зират біздің дәуірімізге дейінгі 1550-1570 жылдарды қамтиды. 

Шенеуніктер бұл Египет тарихынан сыр шертетін жаңа дүние болды дейді.

Өзгелердің жаңалығы