Египетте қалған туристер елге қашан жеткізіледі?

3 Желтоқсан 2021, 13:56
1317
Бөлісу:
Египетте қалған туристер елге қашан жеткізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа Omicron штамы Қазақстанда таралмауы үшін ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап Египетке әуе қатынасы тоқтатылды. 

Бұл туралы Индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстерін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларынан Шарм-Эль-Шейх қаласына Air Astana және SCAT әуе компаниялары орындап келді.

Әуе компанияларының ақпараты бойынша бүгінгі таңда Египетте 2800-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Олар 2021 жылғы желтоқсанның 3-10 аралығында аталған әуе компанияларының рейсімен елге жеткізіледі.

Бас санитар дәрігердің биыл 30 қарашадағы №51 қаулысына сәйкес, Египеттен келген жолаушылар COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан, 72 сағаттан аспаған ПТР тест тапсырып, анықтама көрсетуі тиіс.

Сондай-ақ вакцина алған және тиісті анықтамасы бар болса да, 7 күнге оқшаулануы керек.

Рейстердің орындалатын күндері туралы толық ақпарат алу үшін жолаушылар турды немесе әуе билетін сатып алған мекемеге хабарласуы қажет.

Өзгелердің жаңалығы