Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еден жуушы, электрик және күзетшінің айлығы қаншаға өсті

17 Маусым 2025, 11:41
1332
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың техникалық жұмыскерлердің жалақысын көтеруге қатысты депутаттық сауалына жауап берген Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Үкімет тарапынан бірқатар нақты шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Техникалық жұмыскерлердің жалақысын арттыруға қатысты Үкімет мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорындардың техникалық жұмыскерлерінің жалақысы деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдап жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022-2025 жылдары азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының (оның ішінде техникалық жұмыскерлердің - тазалаушы, жүргізуші, электрик, тазалаушы, күзетші, вахтер) еңбекақысы жыл сайын орта есеппен 20%-ға ұлғайтылып келді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай олардың жалақысы 2 есе өсті, - делінген Көшербаевтың ресми жауабында.

Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар үшін бірыңғай. Техникалық жұмыскерлер экономиканың барлық саласында жұмыс істейді және олардың қызметі барлық сала үшін ортақ.

Осыған байланысты, жұмыскерлер жалақысын көтеруді барлық салалар үшін кешенді түрде қарастырған жөн. Себебі бір саладағы жұмыскердің бір санатының жалақысын көтеру басқа саладағы жұмыскердің наразылығын тудырып, олардың тарапынан осындай талапқа әкеледі, - дейді Үкімет мүшесі.

Мәліметке сәйкес, Үкімет қаулысы шеңберінде 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға (тиісті жергілікті өкілді органның шешімімен) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақысына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу құқығы берілді. Оның тәртібі мен шарттарын тиісті жергілікті атқарушы орган айқындайды. 

Бүгінде бұл норманың негізінде өңірлік әкімдіктер азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыруға құқылы. 2024 жылы үстемақыларды 10 әкімдік, атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент, Жамбыл және Қарағанды, Түркістан, Жетісу, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары белгіледі.

Өзгелердің жаңалығы