ЕАЭО-да жұмыссыздық 10,1 пайызға қысқарған

18 Наурыз 2023, 08:47
778
Бөлісу:
ЕАЭО-да жұмыссыздық 10,1 пайызға қысқарған
Фото: elorda.info

ЕАЭО-дағы жұмыссыздар саны 2023 жылдың қаңтарында 10%-дан астам көрсеткішке қысқарды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі мәлім етті.

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2023 жылдың қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша 884,2 мың адамды құрап, 2022 жылдың ұқсас күнімен салыстырғанда 10,1%-ға азайды, - делінген хабарламада.

Осылайша, жұмыссыздар саны жұмыс күшінің 1%-ын құрайды.

2022 жылы бұл көрсеткіш 1,1%-ды құрады.

Өзгелердің жаңалығы