Е-Salyq-Azamat қосымшасының артықшылығы неде

20 Желтоқсан 2021, 11:05
3394
Бөлісу:
Е-Salyq-Azamat қосымшасының артықшылығы неде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Е-Salyq-Azamat» мобильдік қосымшасының артықшылығы туралы айтып берді.

Азаматтардың өз салық міндеттемелерін ыңғайлы орындауы үшін «Е-Salyq-Azamat» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Оны смартфон пайдаланушылары тегін жүктеп ала алады. Бүгінгі таңда қосымшаны 800 мың адам қолданады, - деді министр.

Қосымшаның артықшылығы мен мүмкіндігі қандай:

1) Азаматтардың салықты төлеу жеңілдігі. Бұрын салық төлеуші салық органына барып, кезекке тұруы, салық төлеу үшін көптеген деректемелерді толтыруы, комиссия төлеуі керек еді. Енді салық төлемдері «Е-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасы арқылы 2-3 минут ішінде жүзеге асырылады.

Салық әмиян қызметі міндеттемелер туындаған кезде салықтарды автоматты түрде есепке алуға мүмкіндік береді.

Салық төлеуден басқа, мұнда артық төлемнің бар-жоғын, салықтың ағымдағы және алдағы сомасын білуге болады.

2) Салық салу объектілері туралы мәліметтерді түзету.

«Е-Salyq-Azamat» қосымшасы Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Азаматтарға арналған үкімет жүйелерімен біріктірілген.
Объектілердің деректемелерінде қате мәліметтер болған жағдайда салық төлеушінің тиісті мемлекеттік органға нақтылау үшін сол қызметте онлайн-өтініш жіберу мүмкіндігі бар.

3) Жеке тұлғалардың табыстары туралы декларацияны тапсыру.

4) Онлайн брондау, айыппұлдарды тексеру, саяхатқа тыйым салу және жиі қойылатын сұрақтар бойынша қызметтер енгізілді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тағы да тұрғындарды осы қосымшаны белсендірек пайдалануға шақырамын, - деді Қаржы министрі.

Өзгелердің жаңалығы