Джо Байден коронавирус жұқтырды

22 Шілде 2022, 05:33
1565
Бөлісу:
Джо Байден коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті.

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

Байден өз резиденциясында оқшауланғаны, бірақ жұмысын жалғастыратыны хабарланды. АҚШ президенті әкімшілігінің хаттамасына сәйкес, мемлекет басшысы COVID-19-ға тапсырған сынама теріс нәтиже көрсеткеннен кейін ғана әдеттегі жұмыс форматына орала алады.

Ол вакцинация курсынан толық өткен, екі рет ревакцина алған және симптомдары жеңіл, - деді Ақ үй өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы