Джо Байден әскерилер алдында тізе бүкті

30 Мамыр 2021, 12:21
2373
Бөлісу:
Джо Байден әскерилер алдында тізе бүкті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден Виргиния штатындағы Лэнгли авиабазасында әскерилермен кездесуде бір аяғымен тізерлеп отырды. Осы эпизодқа Ресей Кремлінің пулындағы журналист Дмитрий Смирнов назар аударыпты.

АҚШ президентінің тізерлеп отырған дәстүрлі фотосы, - деп жазды журналист Twitter парақшасында.
Кадрлардан 78 жастағы Ақ үйдің басшысы бірнеше секунд бойы сарбаздармен сөйлесіп, содан кейін бұрылып, оң аяғының тізесін бүгіп отырғанын көруге болады.  Бұл кезде саясаткерге қасындағы орындыққа сүйенуге тура келді. Фотографтар бірнеше кадр түсіре салысымен, американдық лидер орнынан тұрып, әңгімені қайтадан қалыпты жағдайда жалғастыра берді.

Әлеуметтік желіде қолданушылар Байденнің бұл әрекетін әр түрлі қабылдады. Көптеген оқырмандар таңданыстарын жасырмады. Кейбіреулер АҚШ президентін мысқылдап та жатыр.

Джо Байден көпшілік алдында алғаш рет тізе бүгіп отырған жоқ. 2020 жылдың шілдесінде Пенсильвания штатында наразылық білдірушілермен бірге тізе бүккен.

Өзгелердің жаңалығы