Душанбеде көлік және транзитті дамыту мәселелері талқыланды

8 Желтоқсан 2023, 06:23
429
Бөлісу:
Душанбеде көлік және транзитті дамыту мәселелері талқыланды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Көлік министрі Азим Иброхиммен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында екі елдің көлік және транзит саласындағы ынтымақтастығын жандандыру, оның ішінде Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның 2023 жылғы 3-4 мамырда Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша мемлекет басшылары берген тапсырмаларын іске асыру шеңберіндегі мәселелері талқыланды.

Тараптар екі ел арасындағы жүктерді экспорттық-импорттық тасымалдау көлемінің үдемелі ұлғаюын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Тәжікстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы