Дүниежүзі бойынша бүйрек алмастыруға мұқтаж науқастар саны 7 миллионға жуықтады

9 Наурыз 2022, 22:03
2481
Бөлісу:
Дүниежүзі бойынша бүйрек алмастыруға мұқтаж науқастар саны 7 миллионға  жуықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүйректің созылмалы ауруы (БСА) бүкіл әлемде қоғамдық денсаулық сақтау үшін күрделі мәселе болып отыр, оның салдары бүйрек ауруының асқынуы мен науқастардың мерзімінен бұрын қайтыс болуына әкеліп соғады, деп хабарлады Қазақстан нефрологтары қауымдастығы.

Әлем бойынша бүйрек ауруына шалдыққан науқастар көрсеткіші 13,4% (11,7-15,1%) құрайды. Бүйрек алмастыру терапиясына  мұқтаж науқастар саны 4,9 миллионнан 7 миллионға дейін жуықтайды.

Пациенттер өсімі ең алдымен бүйрек функциясының төмендеуіне әкелетін себептердің көпсалалы болуына байланысты. Бұл артериялық гипертензия, қант диабеті, мультифокальды атеросклерозға шалдыққан адамдарда көп кездеседі.

Бүгінгі таңда бүйрек ауруын ерте анықтаудың өзектілігі сөзсіз. Қазақстандағы статистика деректері бойынша 2021 жылы бағдарламалық гемодиализ 7085 пациентті қабылдады, трансплантациядан кейін 1700 адам есепте тұрды. 

Нефролог дәрігерлердің қоғамдастығы БСА-ны ерте анықтау, халықтың БСА туралы хабардарлығын арттыру, скрининг жүргізу, анықталған пациенттердің жай-күйіне мониторинг жүргізу және оларға прогресс қарқынын төмендетуге бағытталған кешенді терапия көрсету шеңберінде БМСК дәрігерлерінің сақтығын арттыру мәселелеріне ерекше мән береді, - делінген ақпаратта.

10 наурызда «Дүниежүзілік бүйрек күні» жыл сайынғы іс-шара шеңберінде «Нефрологтардың, диализ дәрігерлерінің және трансплантологтардың» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР халқына нефрологиялық көмекті ұйымдастыру және жақсарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізеді. 

Іс-шараға ҚР ДСМ,  транспланттау бойынша республикалық үйлестіру орталығы,  терапевтер, нефролог дәрігерлер, диализ орталықтарының дәрігерлері және трансплантологтар қатысады.

Аталған іс-шара бүйрек ауруларын ерте анықтау, нефролог дәрігерлер сабақтастығын күшейту, БСА бар пациенттердің өмір сүру сапасын арттыру және нефрологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігін жақсартуға бағытталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы