ДСМ: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді

8 Қыркүйек 2021, 17:22
4988
Бөлісу:
ДСМ: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады.

Оның айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтанып келе жатқаны байқалады.

Тамыз айының басындағы жағдаймен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 1,4 есеге төмендеген. Нақтырақ айтатын болсақ, індет жұқтыру дерегі он төрт күн ішінде 99 731 жағдайдан 71 628 жағдайға кеміген көрінеді.

Соңғы бір ай ішінде еліміздегі коронавирус инфекциясының таралу индексі 17%-ға 1,03-тен 0,88-ге азайған. Инфекциялық төсек-орынның жүктемесі 56%-дан 36%-ға, реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 45-тен 36%-ға дейін түскені байқалады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы төрт өңірдің «сары аймаққа» өткендігі туралы жазған болатынбыз.

Алайда әлем елдерінде, соның ішінде, ДДСҰ алты аймағының үшеуі: Америка, Еуропа, Тынық Мұхитының батыс бөлігінде шілденің екінші онкүндігінен бастап аурушаңдық деңгейінің өсу үрдісі байқалып отыр.

Өзгелердің жаңалығы