СOVID-19: Қазақстанда 4 өңір «сары аймаққа» өтті

8 Қыркүйек 2021, 17:12
10666
Бөлісу:
СOVID-19: Қазақстанда 4 өңір «сары аймаққа» өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. 

Оның айтуынша, елімізде індет біртіндеп төмендеп келеді.

Әлемде пандемия басталғалы бері 220 млн-нан астам коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген көрінеді. Олардың ішінде, 4,5 млн-нан астам адам індеттен көз жұмған.

ДДСҰ алты аймағының ішінде үшеуі, атап айтар болсақ, Америка, Еуропа, Тынық Мұхитының Батыс бөлігінде шілденің екінші онкүндігінен бастап аурушаңдық деңгейінің өсу үрдісі байқалады.

Елімізде 8 қыркүйектегі жағдай бойынша 824 118 науқас COVID-19-дың оң нәтижесімен, 71 646 адам КВИ-дің теріс нәтижесімен тіркелген. Олардың 88%-ы сауығып шықты. Соның ішінде, КВИ+ - 734 883 және КВИ- нәтижесімен 59 282 адам. Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы мен оның 12 өңірі «қызыл аймақта», - деп атап өтті вице-министр.

Соңғы жеті күн ішінде 4 өңір: ШҚО, Жамбыл, СҚО және Қызылорда облысы «сары аймаққа» өткен. Түркістан облысы «жасыл аймақта» көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы