ДСМ: Астана мен Алматыда екі ғылыми-ииновациялық көпбейінді емхана салынып жатыр

21 Қыркүйек 2022, 10:43
817
Бөлісу:
ДСМ: Астана мен Алматыда екі ғылыми-ииновациялық көпбейінді емхана салынып жатыр

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған «Адамға бағдарланған тәсіл» медициналық-санитариялық алғашқы көмектің озық практикаларының жобалары енгізіліп жатыр. Сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында екі ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынуда. Биыл Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында озық практикалар көрсету бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінің 53 мүше-мемлекеті үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша әлемдегі алғашқы демонстрациялық алаң ашылды, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері. 

Сонымен қатар министр онкологиялық көмектің сапасын арттыру үшін Гамма-пышақ және ядролық медицина орталықтары жұмыс істеп жатқанын алға тартты. 

Онда 300-ден астам операция жасалды және 400-ге жуық пациент емделді. Семей қаласының ядролық медицина орталығының бірегейлігін атап өткім келеді, онда өндірістен диагностика мен емдеуге дейін отандық радиофармпрепараттар толық циклде қолданылады. «Алтын сағат» принципін шұғыл пациенттерге қамтамасыз ету үшін көпбейінді аудандық орталық ауруханалардың деңгейінде Жамбыл облысының Шу қаласында жұмыс істеп тұрған 12 ауруханаға ауданаралық аурухана ұйымдастырылды, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы