«Достық-Мойынты» теміржол учаскесінің өткізу қабілеті 5 есе артады

1 Маусым 2023, 14:53
929
Бөлісу:
«Достық-Мойынты» теміржол учаскесінің өткізу қабілеті 5 есе артады
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«Достық-Мойынты» телімінде екінші жолдың бірінші рельстері төселді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сарықұм – Бүйрек учаскесіндегі екінші жолға рельсті-шпалы торкөздің алғашқы буындары төселді. Жолдың жоғарғы құрылымының салынуы Сарықұм станциясынан басталды.

Бүгінгі таңда 115 шақырым жол торкөзі төсеуге дайын тұр. Олар Теміртау, Алматы және Ақтөбе зауыттарында жасалған рельстер мен шпалдардан уақытша звено құрастыру базаларында құрастырылады.

Теміржол учаскесінде екінші жолдарды салу жобасына өткен жылдың қараша айында старт берілді. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың басында басталды. Барлығы 836 шақырым теміржол төселіп, 396 жасанды құрылыс салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін «Достық-Мойынты» учаскесінің өткізу қабілеті 5 есеге – тәулігіне 12-ден 60 жұп пойызға дейін артады, бұл қазақстандық экспорттаушылардың жүк тасымалдауына оң әсер етпек, - делінген компания хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы