Достық үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме өтті

19 Тамыз 2021, 14:29
1907
Бөлісу:
Достық үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фотокөрменің онлайн ашылуы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

Іс-шараның мақсаты Тәуелсіздіктің 30 жылдығы кезеңінде елордалық этнос өкілдерінің жетістіктерін, табыстары мен елдің дамуына қосқан үлесін көрсету болды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы В.Божко, Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Л. Құсайынова қатысты. Іс-шараға қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму кезеңдерінен сыр шертетін көрменің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде мықты мемлекетті қалыптастыру, оның барлық институтын дамыту бойынша іргелі жұмыс жүргізілді. Алайда бұл жемісті жұмыстар оңай келмегенін атап өткен жөн. Қазақстанды осындай беделді әлемдік деңгейге шығарған ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі баға жетпес деп мақтанышпен айта аламыз. Еліміздің әрбір азаматының күш-жігерінің арқасында елде бейбітшілік орнады, ұлтаралық келісім нығайды. Мемлекетімізге одан әрі өркендеу тілеймін! - деді көрменің ашылуында Владимир Божко.

Достық үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова елімізді дамыту мақсатында қазақстандықтардың атқарған орасан зор еңбегін атап өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде үлкен жұмыс атқарылды және еліміздің бейбіт дамуының мызғымас іргетасы қаланды. Фотокөрме осы бірегей және табысты жұмыстың дәлелі, сол сияқты Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыстың нәтижесі жылдар бойы атқарылған жұмысты куәландырады. Ол, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жан-жақты ашып көрсетеді, - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, іс-шара онлайн режимде өтті. Фотокөрме жыл соңына дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы