Досаев жеке қаражаты есебінен мұражай салғызады

7 Шілде 2022, 17:47
1931
Бөлісу:
Досаев жеке қаражаты есебінен мұражай салғызады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Мегаполис басшысы «1 доллар ғана жалақы ала жүріп, қалған миллиондаған соманы қалтасынан шығарып, қаланың көркеюіне үлес қосқан Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрі Майкл Блумбергтен үлгі алып, кәсіпкер ретінде Алматыны көркейтуге үлес қосқыңыз келмей ме?» деген тілші сұрағына жауап берді.  

Жалақы деген аз болсын, көп болсын ол менің еңбегімнің бағалануы деп есептеймін. Ал қала үшін өз қалтамнан не істей алатыным – бұл екінші мәселе. Ол менің жалақыммен сәйкес келмеуі де мүмкін. Қаланы дамытуға қосқым келетін үлесіме келер болсам, жеке жоспарларым бар. Мәселен, достарымның бірі Нұрлан Смағұлов өз жеке қаржысы есебінен қазіргі заманғы өнер мұражайын тұрғызғысы келеді. Мен де сол жерге өз үлесімді қоссам деймін, - деп ағынан жарылды Ерболат Досаев.  

Еске сала кетейік, бұған дейін оңтүстік астананың әкімі қанша жалақы алатынын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы