Досаев қанша жалақы алатынын айтты

7 Шілде 2022, 17:15
1742
Бөлісу:
Досаев қанша жалақы алатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Мегаполис басшысы жалақысы туралы сұраған тілшінің сұрағына жауап берді. 

Айына 980 мың теңге жалақы аламын. Бұл – бекітілген қызметтік жалақы. Ал бізге – барлық мемлекеттік қызметкерлерге кейде сыйлықақы береді, - деді мегаполис басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ерболат Досаев бастауыш сынып оқушылары тұрғын үйлердің бірінші қабатында оқуы мүмкін екендігін айтқан болатын. Мұндай шешімге келуге   халық санының біршама өсуіне және жаңа аумақтардың қосылуы себеп болған. Әкім әлеуметтік инфрақұрылымның тапшылығы айтарлықтай қиындық туғызып отырғанын айтты.

Осы мәселелерді шешу үшін қалада «басқарылатын тапшылық» орта мерзімді саясаты іске асырылатын болды. Жаңа мемлекеттік және жекеменшік білім беру объектілерін салу есебінен орын тапшылығы қысқарады. Мемлекеттік мектептердің бастауыш сыныптарын филиал ретінде тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында орналастыру тетігі қарастырылуда. Осылайша, 2022 жылдың басынан бері 3 316 орындық 54 жекеменшік бала бақша ашылды, осы жылдың соңына дейін тағы 1 460 орындық 17 балабақша, оның ішінде, 560 орындық 2 мемлекеттік балабақша ашылады.  

Өзгелердің жаңалығы