Доллар 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін бе

11 Қазан 2024, 15:53
889
Бөлісу:
Доллар 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін бе
Фото: Арман Мухатов - Архив

Ұлттық банктің брифингінде банк басшысы Тимур Сүлейменов доллардың тағы көтерілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“Бір доллар 500 теңгеден аспайды деп уәде бере аласыз ба?” - деп сұрады журналистер .

Ондай уәде бере алмаймын. Өйткені ол экономикаға байланысты. Бірақ фундаменталдық және нарықтық факторларды біз қазір байқап отырған жоқпыз, - деп түсіндірді Сүлейменов.

Бүгін Ұлттық банк 11 қазанға арналған валюта бағамын жариялаған еді.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша 11 қазанға валюта бағамы төмендегідей болды:

USD/KZT – 490.84 (АҚШ доллары);

EUR/KZT – 536.88 (Еуро);

TRY/KZT – 14.35 (Түрік лирасы);

KGS/KZT – 5.77 (Қырғыз сомы);

AED/KZT – 133.65 (БАӘ дирхамы);

GBP/KZT – 642.51 (Фунт стерлинг);

RUB/KZT – 5.04 (Ресей рублі);

UAH/KZT – 11.91 (Украин гривнасы).

Өзгелердің жаңалығы