ДКО. Екі жылдан кейін Қазақстанда өтеді - Салжанов

3 Қазан 2022, 14:01
1109
Бөлісу:
ДКО. Екі жылдан кейін Қазақстанда өтеді - Салжанов

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сіздерге Түркиядан сүйінші хабар жеткізгім келеді. Кеше ғана Түркияның спорт министрі Мехмет Касапоглу ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевқа келесі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу эстафетасын тапсырды. Яғни келесі ойындар 2024 жылы Қазақстанда өтеді, - деп жазды Ұлттық спорт қауымдастығының төрағасы Исламбек Салжанов.

ДКО. Екі жылдан кейін Қазақстанда өтеді - Салжанов

Ал Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті. Әлемдік додада біздің спортшыларымыз ұлттық спорттың туын жықпай, айтулы нәтижелерге қол жеткізді.

ДКО. Екі жылдан кейін Қазақстанда өтеді - Салжанов

Мәселен, көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш енген көкпарда Қазақстан алтын жүлделерді еншіледі. Жарыс барысында біздің құрама Өзбекстан мен Моңғолия құрамаларынан өтіп, ақтық ойында Қырғызстан құрамасын 4:3 есебімен жеңді. Сондай-ақ, батырымыз Марат Нығматуллаев 60 келі салмақта қазақ күресінен алтын жүлдені иеленсе, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтынды Зарина Сарипова жеңіп алды, - деді ол.

Бұған дейін Қазақстан дәстүрлі садақ ату мен жамбы атудан күміс жүлделерді еншілеген.

Көшпенділер ойындарының нәтижелері бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдесі бар. Бұл тамаша нәтижені келесі көшпенділер ойындарында еселеу - Ұлттық спорт қауымдастығының келесі 2 жылдағы мақсаты деп білемін. Ел намысын ақтаған барлық спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймын, - деді Салжанов.

Өзгелердің жаңалығы