Диссертацияны мұғалімдер жазып жүр. Сенатор университеттердегі плагиаттарға байланысты ашуланды

4 Ақпан 2021, 12:41
1527
Бөлісу:
Диссертацияны мұғалімдер жазып жүр. Сенатор университеттердегі плагиаттарға байланысты ашуланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Сәуле Айтбаева интернетте диссертацияны ақылы жазуға қатысты өз наразылығын білдірді.

Google-дан «докторлық, кандидаттық диссертацияны сатып алу» деп іздегенде 46 секунд ішінде соған қатысты 303 мың мәлімет шығады.Бұл Қазақстанның өзінде. Мысалы, қазақстандық сайттардың бірі тікелей «көп уақытты үнемдеңіз» және «қажет нәрсеңізді алыңыз» деп ұсынады.Уақыты, бағасы көрсетіліп тұрады. «Ғылым кандидаты, докторы жазады, ВАК журналына ғылыми мақала жариялауға көмектесеміз, келісімшарт жасаймыз» деп көрсетіледі,  - дейді Сәуле Айтпаева.

Оның айтуынша, осыдан кейін студенттер, магистранттар: «Плагиат жеңілдеді, сапаны бақылау төмендеді, олар сіз берген бір парақты ғана тексереді, қалғаны өтеді» деп шағымданып жатады деп отыр.

Сонымен қатар интернетте Қазақстандағы ғылым, жаңашылдықтар туралы мақала аз. Осыған байланысты министрлік қандай жұмыс істеп жатыр? Заңнамалық нормаларға академиялық этика, ғылыми жұмыс авторының құқығы туралы қандай өзгерістер енгізілуі мүмкін?,- деді депутат.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова департаменттің жағдайдан хабардар екенін және оны қадағалап отырғанын айтты.

Біз жыл сайын ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне, ғылыми ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдаймыз. Біз бұл жағдайлардың жолын кесу үшін Бас прокуратурамен жұмыс істеп жатырмыз. Былтырғы жылы мемлекеттік мекемелерде плагиатқа қарсы бірыңғай жүйе құрылды.Ғылыми қызметкерлер арасында бұл мәселені кеңінен талқыладық. Мәліметтерді қарап отырсақ, жыл сайын докторантурға бөлінетін гранттар саны 2 мыңды құрайды. Одан бөлек өз қаражатымен түсетін адамдардың саны 200-ден асады. Шамамен осының ішінде 200-ге тарта ғылыми еңбек бағаланып, оларды жазған адамдарға ғылыми атақтар беріледі,- деді вице-министр.


Өзгелердің жаңалығы